Міне 30 жылдан артық уақыт бойы, Gateway Компаниясы мұнай-газ саласына, теңіз және жағалау өндірісіне, тау-кен өндіру өнеркәсібіне және электр энергетикасы саласына сенімді өндіруші және қызметтерді жеткізуші болып келеді.

Қауіпсіздікке деген берік ұстамдылық, инновацияларға шын мәніндегі мүдделілік және біз жұмыс істеп отырған нарықтарды жетік білуі, бұл – Gateway компаниясын әрбір дерлік мұнай-газ компаниясы мен мердігерлерінің серіктесі ретінде таңдауына мүмкіндік беретін қасиеттері.

Біздің төрт бөлімшелеріміз, Өнеркәсіптік Тауарларды Жеткізу, Мұнай-газ Секторындағы Қызметтер, Жобаларды Жобалау мен Басқару, сондай-ақ SewonVertexHeavyIndustries өндірістік базасы, жабдықтау, жобалау, сатып алу және қызмет көрсету салаларындағы ең қатаң талаптарды қанағаттандыруға қабылетті.

11 елде және үш континентте орналасқан 18 нүктесі бар, біз халықаралық өндіріске, қызмет көрсетуге және бүкіл әлем бойынша энергетикалық нарықтарға арналған стандарттарға арналған ең үздік сападағы рәсімдерді ұсынамыз. Біздің әсіресе Каспий аймағына және ТМД елдеріне ерекше қатысымыз бар. Gateway сату қызметін көрсету бойынша тауарларды, қызметтерді кеңінен білетіндігі жөніндегі өзінің кәсіби тәжірибесі мен терең білімін ұсынады және ең шалғай жерлердің өзіне дер кезінде жеткізуді жүзеге асырады, және бұдан өзге өнеркәсіптің көптеген салаларының ішінен ауыл шаруашылығы секторлары, құрылыс және көлік сияқты секторларға да қызмет көрсетеміз. Gateway клиенттерге оларға қажетті тауарлар мен қызметтерді кез-келген жерде, кез-келген уақытта және қаражат жағынан алып қарағанда шығынды барынша аз жұмсау әдісімен ұсына алатынымызды мақтан тұтады.

Біз өзіміздің клиенттерімізге және біз жеткізетін тауарларды өндірушілерімізге аса зор мән береміз. Біз ең жоғары сапалы тауарларды ұсынатындығымыздың кепілдігін қамтамасыз ету үшін, біз өзіміз жеткізіп отырған тауарлардың тиімділігін бағалау үшін, өзіміз бірлесіп жұмыс істеп отырған барлық өндірушілерге барамыз. Біздің клиенттеріміздің қажеттілігін бірінші орынға қоя отырып, клиенттерге жоғары қызмет көрсету деңгейін ұсынуымыз және тұтынушылық құндылыққа ерекше көңіл бөле отырып, барынша экономикалық тиімді шешімдерді ұсынудағы батылдығымыздың арқасында, біз өзіміздің клиенттеріміздің жабдықтаушы ретінде алдымен бізді таңдауына ие болып отырмыз.