Gateway қызметінің мақсаты қоғамды тұтастай қайта құру болып саналады. Біз бұған адамгершілік іс-әрекеттерді жүзеге асыру арқылы қол жеткізуді көздей отырып, бірге жұмыс жасайтын адамдардың өміріне жағымды ықпал етуге тырысатын боламыз.

Қарапайым тілмен айтқанда, біздің басты міндетіміз пайда табу болып саналмайды. Gateway үшін біздің айналамызды жақсы жағына қарай қалай өзгерте алатынымыз немесе соған әсер етуіміз маңызды.
Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, Gateway құрылған уақыттан бастап өзі істес болған адамдардың өміріне игі ықпалын тигізуге ұмтылды.


Оң әсер етудің ең жақсы тәсілдерінің бірі білім беру болып саналады. Сапалы білім беру кез келген елдің ұзақ мерзімді жарқын болашағының кепілі, барлық адам үшін тең мүмкіндіктер беретін үздік қоғам құруға септігін тигізеді, сонымен бірге жас ұрпақтың мүмкіндіктерін ұлғайтады. Сондықтан коммерциялық емес мектептердің құрылуын біз мақтан тұтатын жетістіктеріміз ретінде бағалаймыз. 1997 жылы біз Алматы қаласында оқыту бағдарламасы Халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын, ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын Қазақстан халықаралық мектебін (http://www kismet.org) аштық.

Бұл сәтті бастамадан соң 2003 жылы Алматы қаласында оқыту мемлекеттік бағдарлама бойынша жүзеге асатын Novaya Shkola (Жаңа мектеп) (http://wwwnewschool.kz) мектебін аштық.

Екі мектептің де басты мақсаты әрбір жекелеген оқушының бойындағы қарым-қабілетін шыңдай түсу. Біздің мұғалімдер оқушыларды олардың үздік үлгерімдерін ынталандыра отырып тәрбиелеуге көңіл бөледі, сонымен бірге олардың спорт, музыка және өнерде дами түсуіне жол ашады. Бұл ретте біз баланың тұлға болып қалыптасуына баға көрсеткіші емес, оның жан-жақты дамуы қажет деп есептейміз. Сондықтан да біздің мектептердің ұраны «Оқытып қана қою аздық етеді» («Больше, чем просто обучение»).

Біз оқушыларымыздың мектепте ғана емес, сонымен бірге өмірде де, тұрмыста да, түптеп алғанда елі үшін де керемет жетістіктерге жетуін қалаймыз. Сондықтан да біз олардың бойына үздік үлгеріммен қоса болашақта кездесетін тосқауылдарды жеңе алатындай, өздері өмір сүретін өмірге қандай да болсын үлес қоса алатындай қарым-қабілет беруге ұмтыламыз.Бұл мақсатқа жету үшін біз оқушылардың әлеуметтік және эмоционалды дамуына мән беріп, отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында оқу сыныптарында үйдегідей жайлы орта жасауға тырысамыз. Екі мектепте де оқушыларды оқыту және оларға қамқорлық көрсету міндетін басты орынға қоятын кәсіби оқытушылар мен көмекші қызметкерлер бар.Үш жастағы балаларға арналған балабақшадан бастап ЖОО-на түсетін оқушыларға дейін екі мектепте де дарынды оқушылар өте көп.

2015 жылы Новая школа мектебінің үш оқушысы ел президентінің беделді алтын белгілеріне, ал бес оқушы жақсы үлгерімдері үшін қызыл дипломдарға ие болды.